-
1.Сізбен бір шыныаяқ тәтті кофе үстінде сұхбаттасқаннан кейін жазылатын әрбір минутына дейін жоспарланған бірегей сценарий жоспарын ұсынамыз.
2. Біз Сізге 24/7 байланыста болатын және кез келген уақытта тойды ұйымдастыруға қатысты кез келген мәселені шешуге көмектесетін дербес ассистент қызметін ұсынамыз.
3. Біз Сіздің салтанатты кештен ғана емес, біздің компаниямызбен бірге жеңіл және емін-еркін түрде өтетін дайындықтан ләззат алғаныңызды қалаймыз. Бұл Сізге ең бастысы – қалпына келмейтін жүйкеңізді сақтап қалуға және уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.
-
Мерей той – жауапкершілікпен әзірленетін күн. Әдетте мерей той иесі бір дастархан басында отбасының, достарының, қызметтестерінің, серіктестерінің басын қосқысы келеді. Мұндай шараларға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, кейде тіпті шет елдерден қонақтар келеді. Біз Сіздің қонақтарыңызды мейрамхана алдынан қарсы алудан бастап, кеш бағдарламасындағы қойылымға дейін барлығын ойластырамыз. Біз әр қонаққа мерей той иесінің өткен өмірімен байланысты қызықты сәттерден естелік болатын суреттер ойлап табамыз.
Қалыптасқан дәстүрге орай, қыздар той алдында бір weekend қыздар бас қосуын ұйымдастырады. Оларға бөгет жасамаймыз, тек қана көмектесеміз. Сценарий жазамыз, батыл, алайда әдепті ой-пікір ұсынамыз. Қыздар бас қосуында қыздар ұжымы көңіл көтеріп, ән салып, би билеп, жігіттерін талқыға сала алады. Қыздар бас қосуын өткізудің 10 нұсқасын алу үшін дәл қазір тапсырыс беріңіз.
Сіз достарыңызбен бірге осы аттас фильмнің кейіпкерлері болғыңыз келе ме? Тек ҚР аумағында ғана емес, оның шегінен тыс жерде де күтпеген оқиғаларға тап болғыңыз келе ме? 25 адам қатысатын жарыс ұйымдастырып, достардың ішінде кімнің спортқа жақын екендігін анықтағыңыз келе ме? Мүмкін ретро автокөліктермен Еуропаға саяхатқа шығып, Ескі дүниенің қалаларына тоқтағыңыз келетін болар. Бізге хабарласыңыз, біз достарыңыздың ұзақ уақыт есінен кетпейтін жігіттер басқосуын ұйымдастырып береміз.
...Және Вегаста өткен оқиғалардың барлығы осы жерде қалатындығына сөз береміз.
Кәмелеттік жасты ең жақын достардың арасында атап өткен дұрыс, себебі достарыңыздың көпшілігі біраз уақыттан кейін жан-жаққа кетеді. Біреулері – жоғары білімді АҚШ немесе Ұлыбританияда алатын болса, енді біреулері – әскерге кетеді))). Біз кәмелеттік жасқа толған туған күнді атап өтудің ең есте қаларлық сценариін ұсынамыз.
Түлектер кеші, салтанатты кеш, қызыл кілем, сәнді кешкі көйлек киген қыздар және смокинг киген жігіттер. Түлектердің ата-аналары кеш иелерінен де бетер толқиды. Түлектер кеші – ұйымдастыру жағынан ең күрделі мерекелердің бірі event, себебі үш жақтың – түлектер, ата-аналар және ұстаздардың қалауын ескеру керек және көбінесе бұл қалаулар әр түрлі болады. Біздің компания түлектер кешін өткізе отырып, барлығын біріктіруге, салтананттылықпен қамтуға, түлектер мен ата-аналарына сенімділік ұялатуға тырысады.
Қазақ халқының міндетті ата-аналық борышы ұлының сүндет той рәсімін өткізу болып табылады. Баланы сүндетке отырғызғаннан кейін ата-анасы үлкен мереке – Сүндет той өткізеді. Туыстары мен қонақтар шақырылады, тамақ тартылып, ойын-сауық өткізіледі. Мереке иесін құттықтап, әр түрлі сыйлықтар береді, нағыз жігіт болды деп тілек айтады. Сүндет той маңыздылығы мен өткізу ауқымы бойынша үйлену тойынан кем түспейді.
Корей отбасында баланың 1 жасқа толған күні өте маңызды болып табылады.
Корей халқы бұл мерекені ерекше атап өтеді. Қызмет екі бөліктен құралады: балаға арналған дастархан және банкет. Дастарханды үйге жаяды, ал достары мен туыстарына арналған банкетті мейрамханада өткізеді.
Рәсім дастарханы күндізгі сағат 12 дейін өтуі керек. Баланың алдына міндетті түрде: бір тостаған қызыл үрме бұршақ, чартаги (күріштен жасалған қамыр) және күріш қойылады. Кейде екі-немесе үш тостаған чартаги қойылады. Тостағандарды артқа қарай қояды. Алдына кітап, қалам немесе түрлі түсті қарындаштар, қайшы, жіп, калькулятор немесе банкнот қояды. Қыз балаға ине, ұл балаға қанжар қояды. Әдетте, аласа корей ұлттық үстеліне немесе журнал үстеліне бала қалаған нәрсесін ала алатындай жасалады. Балаға жаңа және мерекелік киімдер, кейде ұлттық ханбок киімін кигізеді. Әжесінің алдына отырғызады, корейлер негізінен әкесінің тарапына көңіл бөледі. Туған күн иесінің бірінші болып қандай үш затты таңдайтындығын бақылап отырады. Әжесі қыз баланың инемен, ұл баланың қанжармен жарақаттанбауын қадағалайды. Сонымен қатар, бала таңдаған бұйымдарды шетке алып тастайды.
Алғашқы қадам мерекесі. “Тұсау кесер” – бала өміріндегі жаңа кезеңнің – жүру, дүниені танудың басталғандығын білдіретін аяққа байланған жіпті кесу рәсімі.
«Тұсау кесер» рәсімі туралы айта кетер болсақ, бұл дәстүр бізге сонау ата-бабаларымыздан жалғасын тауып келе жатыр. Мұндай дәстүр тек қазақ халқында ғана емес, қырғыз, хакас, тува және басқа да көптеген туысқан халықтарда бар. Олардың атаулары да бірдей қазақтарда – «тұсау кесу», қырғыздарда - „тушоо кырктыруу”, алтайлықтарда - „тужак кезер”.
-
-
Фестивалі – бұл көп адамдар қатысатын кең ауқымды оқиға. Сондықтан да Фестивалі ұйымдастыруды тиімді PR-компания ретінде жиі пайдаланады. Алғашқылары – музыкалық Фестивалідер, алайда кейінірек бұларды кино мен театр өнерінің бағалаушылары ұйымдастыратын болды. Дәмді тағам мен тәтті сусындарға құмартатындардың ас талғаушылар Фестивалідері бар. Бұдан басқа, гүлдер фестивалі, психологиялық, тарихи, этникалық, би және де басқа Фестивалідер өткізіледі.
Біздің компанияның осы тәріздес іс-шаралар өткізуде тәжірибесі бар. 2013 жылы біз ТМ Heineken-ге арнап үлкен Фестивалі ұйымдастырдық, бұған 4000 адам қатысты, бұл – УЕФА чемпиондар Лигасы финалының тікелей трансляциясы еді. 2013 - 2014 жылдардағы қысқа мерзім ішінде біз Алматы мен Астана қалаларында Mitsubishi Orienteering-тің үш фестивалін ұйымдастырдық, бұған жалпы жиыны 800-дей болатын Mitsubishi маркасының иелері қатысты.
Біз Фестивалідің бағытын, мақсаттары мен міндеттерін айқындауға көмектесеміз, іс-шаралар өткізу үшін жергілікті биліктен рұқсат ала аламыз. Біз жоспар жасаймыз және бюджетті есептейміз, сіздің мақсатты аудиторияңызды жинаймыз, жарнамалаық акцияңызды қамтамасыз етеміз.

Фестивалі 25.05.2013 HEINEKEN - Road to The Final

Фестивалі 31.05.2014 Mitsubishi Orienteering – Astana-Borovoe 2014

Фестивалі 9.11.2013 Mitsubishi Orienteering